Солтүстікке көмекке аттанған құтқарушылар оралды

Құтқарушылар

Оңтүстіктің құтқарушылары теріскейден оралды. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде топан судан төнген қауіпті сейілтуге күнгейлік құтқарушылар да атсалысқан болатын. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мен жедел-құтқару жасағының мамндары Атбасар ауданының халқына көмек көрсетті.

 

 

Бүгінгі таңда өздеріне жүктелген міндетті мүдірмей орындаған құтқарушы топ қайта оралды. Бұл сапар барысында күнгейлік құтқарушылардың еңбегі еленіп, арнайы алғыс хат берілді.

Атбасар ауданының әкімі және аудандық мәслихатының хатшысы, Ақмола облыстық төтенше жағдай департаментінің басшылары ризашылықтарын білдірді.

Біздің құтқарушыларға Атбасар қаласында төтенше жағдайлардың алдын алу және зардабын жоюдағы еңбегі үшін алғыс хаттар табысталды.


IMG_9555