Бітіруші түлектердің қауіпсіздігі басты назарда

717

Тәртіп сақшылары жыл сайын 25-мамыр күні күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дәл осы күні мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Арнайы рейд ұйымдастырып, қымбат көлік жалдап, көшенің тынышын бұзатын түлектермен күреседі. Биылғы бітіруші оқушылар мерекеге қатты дайындалыпты.

Мамырдың 25 күні бітірушілер қатаң бақылауда болатынын алдын ала ескертілген. Мектептің директорларына жан-жақты хабар беріліп, ата-аналарға түсіндіру жүктелген. Таң сәріден бастап әр мектеп маңына бір экипаждан бөлінді. Соңғы қоңырау біткенше тәртіп сақшылары мектепті бақылады. Қоңыраудан соң көшеге шыққан көлік шеруінің соңына түсті. Түлектер жалдаған көліктер тоқталып тексерілді.  Дәл бүгін айып тұрағында не бір қымбат көліктер әкелініп жатты. Бірақ былтырғы жылдан әлде қайда тәртіп орнағаны бірден байқалады. Бітірушілер мінген көліктер көше тәртібін де бұзбады. Бұған жергілікті полицияның күшейтілген режимде жұмыс атқарғандығы септігін тигізсе керек.

Ал кешкісін кафелер мен ойын сауық орталықтарында тәртіп күшейтіледі. Бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары кезекшілікке тұрмақ. Бірақ, мектеп оқушыларына кешке сауық құруға рұқсат берілмеген.