Жаппай тәртіпсіздік кезінде 103,7 млрд. теңгенің шығыны келген

78

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 103,7 млрд. теңгенің шығыны келген. Оның 102 миллиарды теңгесі Алматыға тиесілі.

Сонымен қатар, сауда саттық саласында 1482, қоғамдық тамақтану саласында – 44, қаржы секторында – 61, логистика саласында – 23 және бес ақпарат құралдарының нысандары зардап шеккен.

Қазір Алматыда мұқтаж жандарға көмек көрсететін еріктілер штабы құрылды. Бүгіннен бастап қоғамдық көлік барлық бағытта қатынап жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен сауда-ойын-сауық орталықтары ашылды.

Шынар Оразова