Бүгін қаладағы барлық мектепте соңғы қоңырау сыңғырлады. Жалпы, биыл Шымкент қаласы бойынша 6 мың 340 оқушы мектеп бітірді. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия түлектерінің ұмытылмас мерекесіне қатысып, мектеп бітірушілердің алдағы өміріне сәттілік тіледі.
Аталған мектеп-гимназияның негізі 1991 жылы қаланған. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында оқу орны өзінің ширек ғасырлық мерекесін атап өтті.
Айта кетейік, 3457 оқушы білім алатын білім ордасы 2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін енгізген. Биыл 161 оқушы мектепті бітірсе, оның бәрі де ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады. 14-і Алтын белгіге, 6-ы үздік аттестатқа үміткер. 3 оқушы халықаралық ғылыми жобада жеңімпаз атанған.
в+ц+в: послед. звонок № 65 гор. акимом