Шымкенттегі 203 мектепте соңғы қоңырау соғылды

153

Шымкентте 203 мектепте соңғы қоңырау соғылды. Биыл үшінші мегаполисте 242 525 оқушы оқу жылын аяқтады. 11 189 оқушы мектепті тәмәмдаса, оның 453-і «Алтын белгіге» үміткер.

Биылғы мектеп бітірушілердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріп отыр. Түлектер мен ұстаздарды құттықтау үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназияның соңғы қоңырау рәсіміне қатысты. Шаһар басшысы бітірушілерге ақ тілегін айтып, үлкен өмірге сәттілік тіледі.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Ең бастамасы биылғы жылы мектепте бастауыш сынып оқып жатқан оқушыларға тегін ыстық тамақ қарастырып отырмыз. Қаланың мүмкіндігіне байланысты болашақта оны да ұлғайтамыз. Ары қарай мүмкіндігі шектеулі, мұқтаж, жалпы 54 мыңнан астам балаға мемлекет тарапынан әр жыл сайын көмек беріп отыр. 2022 жылғы мектеп бітіруші түлектерге, бәріне табыс тілейміз. Алдағы өмір жолында сүрінбей, ақ жолмен жүруіне тілектеспіз».

Гүлдана Дәурен