«Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы ашылды

615
Жасыл ел

Республикалық «Жасыл ел» жасағының жұмыс маусымы ресми түрде ашылды. Осыған орай салтанатты шара Оңтүстікте өтті.

Жасыл ел

Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Болат Жанәбіл мәлімдеді. Төле би ауданында орналасқан Алма тау демалыс аймағындағы іс-шара кезінде тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 000 түп ағаш егілді.

Жасыл ел

Жиынға Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым вице министрі Т.Балықбаев, облыс əкімінің орынбасары Ұ.Сəдібеков, Нұр Отан ХДП Жас Отан жастар қанатының төрағасы Ш.Байманов, Қазақстан жастар конгресінің директоры А.Сəбитов, Республикалық «Жасыл е»л штабының төрағасы Р.Хамидуллин жəне барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларындағы «Жасыл ел» жасақтарының төрағалары мен белсенді мүшелері қатысты.

Жасыл ел