«Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысын бастады

522

Жасыл желекке оранған Шымқаланың көркеюіне жастар да атсалысуда. Күні кеше жастардан құралған «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмысқа кірісті. «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 50 жас жұмыс жасап жатыр.

Олар қаламыздағы Бадам өзенінде Т.Айбергенов көшесі, Д.Қонаев даңғылы, Темірлан тас жолында, Б. Момышұлы көшесінде, Қажымұқан стадионында көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.

Айналаға жұпарын шашып, көз қызықтыратын гүлдердің әрқайсысында жастардың қолтаңбасы бар. Олар гүлмен көмкерілген аумақтарды шөбін жұлып, суғарып жүр. Ала жаздай тер төгіп, еңбектенетін жастар әрі нәпақа табады, әрі еңбектің қадірін түйсінеді.