«Жасыл ел» жобасының маусымдық жабылу салтанаты өтті

54

Шымкентте «Жасыл ел» жобасының маусымдық жабылу салтанаты өтті. 

Асқар Серікұлы «Жасыл ел» еңбек жасақтары жобасына белсенді қатысып, Шымкент қаласы әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар  50 000 теңге қаржылай сыйақы да алды. Жас жігіт бұл жобаға қандай да бір сый алу үшін емес, қаланың көркеюіне өз үлесін қосу үшін келгенін алға тартты.

«Мен «Жасыл елге» ақша үшін, ондай үшін келген жоқпын. Қалама өз үлесімді қосқым келеді, шынымды айтсам. Жоба туралы «Аманат» партиясына барып, сөйлескен кезде осы жоба туралы айтты. Сол арқылы тіркелдім. Ертеңіне кірісіп кеттім»,- дейді «Жасыл ел» жобасының мүшесі Асқар СЕРІКҰЛЫ.

Жалпы «Жасыл ел» жобасының мақсаты – жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студенттерді жұмыспен қамту. «Жасыл ел» жасақтары қатарында 2023 жылы қазан-қараша айында 1500 жас жұмыспен қамтылды.

«Жасыл ел» жобасы осы 2023 жылы 1500 жасты жұмыспен қамтыды. Ондағы мақсат –  қаламызды «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары арқылы көгалдандыру, абаттандыру және тазалық жұмыстарын жүргізу. Және де сәйкесінше жұмыспен қамту болып табылады. 1500 жас осы 2 ай, қазан-қараша айларында күзгі маусымдық жұмыстарды атқарды. Ол жерде тек тазалық жұмыстары емес, түрлі науқандық жұмыстар, оның ішінде акцияла, кездесулер бар, түрлі саладығы тұлғалармен пікір алмасу болды»,- дейді «Жасыл ел» жобасының Абай ауданы бойынша координаторы Лаура БОРАШ.

Салтанатты шарада Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Құранбек Сәрсен «Жасыл ел» жасақтарын Алғыс хатпен марапаттап, 50 000 теңге қаржылай сыйақы табыстады. Іс-шара соңы жастарға арналған концерттік бағдарламаға ұласты.