Жоғалған студент қыздың мәйіті табылды

281

Осыдан екі апта бұрын, яғни 10-мамыр күні  жоғалған Айгерім Оспанбекованың мәйіті Қазығұрт ауданынан табылды. Қазіргі уақытта күдікті азамат ретінде 1990 жылғы жігіт ұсталды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Ұсталған жігіттің үстінен кісі өлтіру бойынша қалмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков мәлімдеді.

Еске салайық, Студент қыз Шымкент қаласына оқуға баруы үшін үйінен шыққан. Полицейлер Әйгерімнің 10 мамырда күндізгі сағат үштер шамасында заттарын жинастырып, жолға шыққанын анықтады. Ол Жетісай-Шымкент тасжолының бойынан жолай көлікке отырып, Шымкентке жетуі керек болған. Бірақ, іс-түссіз жоғалып кетті.

Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың туыстарымен, еріктілермен, облыс жұртшылығымен бірлесіп Әйгерім Оспанбекованы іздеген болатын.