Дәрігерлер: «Безгектен мерт болған жігітті кене шақпаған»

320
Кене - безгектің негізгі таратушысы

Кене - безгектің негізгі таратушысы

Оңтүстікте конго-қырым қанды безгегінен қайтыс болған жасөспірімді кене шақпаған. Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер осындай қорытынды шығарды.

Өйткені марқұм болған жігіттің бойынан кененің шаққан іздері табылмапты. Бұл туралы санитар дәрігерлер баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

Сала мамандарының айтуынша, науқаспен қарым қатынаста болған 23 адамға қатысты эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Айта кетейк, қауіпті ауру бойынша жыл басынан бері 4 жағдай тіркелген. Ал, кене шаққандардың саны былтырмен салыстырғанда 5 есеге көбейіпті.