Кентаулық Ошақбаевтар отбасы республикалық байқауға жолдама алды

607

Кентаулық Ошақбаевтар отбасы республикалық байқауға жолдама алып, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылған ұлттық конкурстың облыстық кезеңіне аудан, қалалардан  30 үміткер отбасы қатысты.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Сәдібеков Ұласбек Сәдібекұлы қатысып, жүлделі орындарға ие болған отбасыларды марапаттады.  Байқаудың үшінші орнына Түлкібастық Ешенқұловтар отбасы лайық деп танылса, екінші орын Сарыағаш ауданының үлгілі жанұясы Кулгиновтарға бұйырды. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының үшінші кезеңінің бірінші орны кенді шаһардан келген кентаулық Ошақбаевтар отбасына берілді. Отбасыға демалыс шипажайына жолдама үлестірілді.

Сондай-ақ,  қыркүйек айында өтетін республикалық байқауға қатысып, оңтүстік облысының намысын қорғайтын болды.

Қаратай Ошақбаев, «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаз жанұсының отағасы: «79 жасқа келсем де, мұндай байқаулардан шет қалған емеспін. Ең бастысы отбасымыздағы жылылық пен береке осындай мәртебеге жеткізді. Енді күзде өтетін республикалық байқауда Жеңімпаз атанып, Елбасының қолын алып келсек деген үмітіміз бар. Мен 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген жанмын. Бүгінгі таңда 25 немере, 22 шөбереміз бар».