Облыс соты мен әкімдік арасанда өзара ынтымақтастық орнады. Қос тарап медиация туралы меморондумға қол қойды. Бұдан бұлай мемлекеттік қызметкерлер мен сот өкілдері дау-жандалдың алдын алып, бітімгершілікке бастайтын игі шараларды бірлесіп жүзеге асыратын болады.
Татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты жағдайда қол қойылды. Қос тарап енді Елбасының ұлт жоспарында айқындалғандай, медиацияны әлеуметтік статусқа сәйкестендіруде күш біріктіретін болады. Сондай-ақ дауларды реттеудің сотқа дейінгі институтын дамыта отырып, қолайлы құқықтық орта туғызуға бірлесіп жағдай жасамақ.
Облыстық сот ғимаратына саяхат жасаған билік өкілдері сот жүйесінің жаңа сатыға көтеріліп отырғанын көзбен көрді. Құнды деректерге бай кітапхана мен ел тарихындағы сот ізінің жалғаушысы болған мұражайда да болды. Билік өкілдері сот ісі жүргізілетін отырыс залдарын да аралап шықты. Бейнебақылау жүйесіне қосылған залдарды төраға экран арқылы бақылай алады. Бұл ашықтық пен жариялылықтың бір көрінісі осы.
Қоғамдағы жанжал деңгейін төмендету мақсатында қолданылып отырған медиация тәртібі бізге жат емес дейді сот өкілдері. Шиеленіскен істерді билер алқасының шешіміне салатын көшпелі халықтың тарихындағы бітіргершіліктің заманауи түрі бүгінде халық арасында дау-жанжалға тұсау болып отыр. Айта кетейік, соңғы 6 ай ішінде 300-ден астам азаматтық іс сотқа жетпей, бітімгершілікпен шешілген.