Ораза ұстау денсаулыққа пайдалы

688

 Ислам әлемі үшін берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды. Биыл қасиетті айда ораза 29 күнге жалғасып, 5 шілде күні Ораза айтымен ұласады. Бұл кездері мұсылман қауымының бес парзыдарының бірі — ораза ұстап, аллаға құлшылықпен өткізген абзал.

222222222222222

Ораза ұстаудың пайдалы екендігін медицина мамандары да қуаттайды. Мәселен, ораза ағзаның иммундық жүйесін күшейтеді, семіздік пен оның салдарынан, бауырда тастардың жиналуынан және қуық жолдарында зәр тұздарының түзілуінен сақтайды. Сондай-ақ, денедегі жасушаларға тұрып қалатын қатерлі улағыш заттардан қорғап, реттейді. Медицина жағынан пайдасы бар екендігін ескергенмен, науқас азаматтар үшін ораза ұстау парыз емес. Оған қоса ұзақ сапар шегетін жолаушыларға, жүкті және емізген аналарға ауыз бекіту міндеттелмеген. Бірақ, ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру — уәжіп.

111111111

Еркебұлан Қадырбеков,  облыстық мешіттің наиб имамы:  «Ораза ұстауға шамасы келмеген жандарға фидия беру — уәжіп. Бұлар — ауруларынан айығуы үміт етілмеген жандар мен ораза ұстауға шамасы жетпеген қарт кісілер. Олар оразаның орнына әрбір күні үшін бір кедейді тамақтандырады. Фидияны ақшалай беруге де болады. Бір кедейді отыз күн таңда және кешке тамақтандыру немесе алпыс кедейді бір күн таңертең яки кешке тамақтандыру жеткілікті. »

              Биыл қасиетті Қадір кеші — шілденің 1-нен 2-сіне қараған түн. Бұл түнде мешіттерде таңға дейін рухани бағдарламалар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ораза кезінде пітір садақа беруді ұмытпаңыздар. Биылғы пітір садақаның мөлшері 200 теңгенің көлемінде бекітілді.