Қасиетті айда ерекше ресурс іске қосылды

122

Қасиетті ай қарсаңында елімізде жаңа сайт іске қосылды. Ол Қазақстанның әр аймағындағы күннің шығатын және бататын уақытын көрсететін «Қазстандарт» арнайы уақыт ресурсы.

Мемлекеттік уақыт эталоны және жиілігімен сәйкестендірілген сағат ауыз ашатын уақытты көрсетіп тұрады. Және рамазан айының қанша күні өткенін де белгілейді. Осылай деген сауда және интеграция министрі мұндай сағаттың елімізде бұрын – соңды болмағанын айтады.

Бақыт СҰЛТАНОВ, ҚР Сауда және интеграция министрі: «Мереке қарсаңында «Қазстандарт» мемлекеттік уақыт эталонымен және жиілігімен сәйкестендірілген – сағатты іске қосты. Осы сағат арқылы ауыз бекіткен әрбір азамат Қазақстанның барлық өңірі бойынша күннің шығатын және бататын дәл уақытын біле алады. Ауыз бекіткен адамдар үшін әр минут маңызды. Біздің мемлекетімізде азаматтар бір-бірін көпшілік мерекелермен ғана емес, діни мерекелермен де құттықтайды. Бұл өзгенің таңдауына деген құрмет. Меніңше, Қасиетті ай, біздің көпконфессиялы халқымызды бұрынғыдан да біріктіре түседі. Қазақстанның әрбір отбасына бейбітшілік, жақсылықпен жаңару тілеймін!».

Назерке Үкібасова