Шымкентте 5 жасар қызды қорлауға оқталған күдікті ұсталды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлайды.
Оқиға болған жерге жол-патрульдік полицейлері жетіп, жедел іздестіру нәтижесінде 34 жастағы Ордабасы ауданының тұрғынын ұстады. Мас күдікті полиция бөліміне жеткізіледі. Сол жерде қылмысты кодекстің 124-бабымен, жас балаларды азғындық жолға түсіру бойынша іс қозғалды.
Сот-медициналық сараптамасы 5 жасар бүлдіршінде ешқандай дене жарақаты анықталмағанын көрсетті. Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның орын алу барысын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.