Төреғали Төреәлінің кілем фабрикасындағы оқиғасы

524

Отандық өнімді қолдау! Бұл үрдіс Қазақстан эстрада жұлдыздарының арасында белең алған. Бүгін жас әнші Төреғали Төреәлі Шымкенттегі «Назар-Текстиль» тоқыма кілем фабрикасында болды. Ондағы өнімдердің шығарылу барысымен танысты. Сондай-ақ, өнімдерді аралап көріп, кілемдердің біріне өз таңдауын жасады.

Фабриканың тыныс-тірішілігімен танысқалы келген әнші алдымен сауда жасап алуға кірісті. Көздің жауын алардай әдемі кілемдерді аралап көрген әншіге таңдау жасау оңайға түседі. Тауарлардың түр-түсін, сапасын қарап шыққан өнерпаз ақыры бағасы 15 000 теңге тұратын оюлы кілемді сатып алатын болды.

Кейін өнерпаз өндіріс ошағының қайнаған тіршілігін өз көзімен көрді. Мұнда жылына 3 млн шаршы метр дайын өнім шығарылады. Жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған фабрика бүгінде отандық нарықты қамтып, шет мемлекеттерге де тауар тасымалдауда.

Мұнда Белгияның озық технологиясы қолданып, соңғы үлгідегі кілемдер тоқылады. Ұлттық ою-өрнектен бастап, заманауи, классикалық үлгіде әрленіп, жасалады. Бір ерекшелігі – кілемдер тек иірілген жіптерден тоқылады.

Осылайша ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған өндіріс орнына арнайы келген эстрада жұлдызы отандық кәсіпкерлікті насихаттап сұхбат берудің орнына ә дегеннен-ақ тілшілердің бірімен сөзге келіп қалды.

Осылайша ұлы дала баласымын деп жүрген өнерпаз тауар туралы оңдырып сұқбат беремесе де фабрика қызметкерлері әншіге қонақжайлық танытты. Төрағали эстарада жұлдызымен бірге ән салып көңіл көтерді.