«Қазпоштада» электронды маркалы конверттер жүйесі іске қосылды

604

конвер тБұдан былай хаттардың жөнелтілуін ғаламторда қадағалай аласыз. «Қазпошта» АҚ электронды маркалы конверттер жүйесін іске қосты.

Осылайша кез келген азамат хаттағы арнайы штрихкод арқылы хаттың жүріп өту жолын, пошта жәшігіне түсуіне дейін бақылай алады. Хаттың трекингін «POST.kz» сайтында жарияланады.

Хатты көшедегі пошта жәшігіне немесе бөлімшенің пошталық байланыс бөлімшесіне сала отырып, кез келген уақытта жөнелтуге болады. Хат пошташы мен алушының абоненттік пошталық жәшігіне жеткізіледі. Содан кейін пошташы жеткізу парағында «Абонеттік жәшікке түсірілді» деген белгі қояды.

Айта кететйік, бұл пилоттық жоба өткен жылдан бері Астана, Шығыс Қазақстан облыстарында іске қосылған. Осы уақыт аралығында 8 мыңнан аса электронды маркалы конверт сатылған.