Оңтүстіктің полицейлері конституция күнін атап өтті

443

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан конституциясына 21 жыл толуына орай салтанатты іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында заңның үстемдігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Халықов Бағлан Әнуарбекұлы баяндама жасады.

Конституция рөлінің және маңызының нығаюы – құқықтық дамудың заңды беталысы. Мемлекетті қалыптастыру мен нығайту ісіне өзіміздің үлесімізді қоса отырып, Конституцияның әлеуетін, мемлекеттің құқықтық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмысты жүйелі және мақсатты түрде жалғастыру қажет екенін атап өтті.

Мерекелік марапаттау рәсімін департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Асқар Қалаубаев жүргізді. Ішкі істер министрінің атынан 5 қызметкер грамотамен, ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен 49 қызметкер және жергілікті полиция қызметі бастығының атынан 50 қызметкер грамота, алғыс хаттармен марапатталды.