Шымкентте екі адам тоққа түсіп қалды

198

Шымкентте қайғылы жағдай болды. Екі бірдей азамат өндіріс жарақатынан көз жұмды. Белгілі болғандай, олар жұмыс барысында тоққа түсіп қалған.

Қайғылы оқиға қандай өндіріс орнында болғанын арна тілшілері анықтап жатыр. Ал еңбек инспекторлары комиссия құрып, оқиғаның себептерін анықтауға кірісіп кеткен. Әзірге белгілісі, өндіріс орнында қаза тапқан азаматтардың артында бала-шағасы қалған.

Өңіріміздің бас еңбек инспекторы берген мәліметіне жүгінсек, 2016 жылдың басынан өндіріс орындарында 52 азамат жазатайым оқиғалардан зардап шеккен. Олардың бесеуі көз жұмған.