Шымкентте полицейдің көлігін ұрламақ болған жігіт ұсталды

317
Шымкентте полицейдің көлігін ұрламақ болған жігіт ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерінің көлігі ұрлана жаздады. Оқиға облыстық ішкі істер департаментінің алдында болған.

Шымкентте полицейдің көлігін ұрламақ болған жігіт ұсталды

Мұнда тапа-тал түсте жас жігіт өзгенің көлігін мініп кетпек болған. Ол қара мерседестің есігін ашамын деп, көлікті бүлдіреді. Алдыңғы торы мен терезесінің резіңкесін сыммен алып жатқан жерінен куәлер дереу полицияға хабар береді. Оқиға орнына келген автоэкипаж қызметкерлері күдікті азаматты сол жерде қолға түсірді.

Қолға түскен жігіт полицейлердің алғашқы сұрағына көлік өзіне тиісілі екенін айтып, жауап берді. Ал арызданушы азамат құжаттарын көрсетіп, автокөліктің иесі екенін дәлелдеп берді. Осыдан кейін жол-патрульдік полициясы полкінің инспекторлары күдікті азаматты аудандық полиция бөліміне әкетті.

Ернар Балабеков