Оңтүстіктің спортшысы параканоэдан алғашқы Азия жүлдегері атанды. Құрлық біріншілігі Самарханда өтуде. Жалғас Тайкенов ел тарихында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен Азия чемпионатына қатысып отырған алғашқы спортшы болып отыр.
Парканоэмен отандастарымыз өткен жылдан бастап-ақ шұғылдануда. Қазақстан бойынша алғашқы бөлімше де Оңтүстік Қазақстанда ашылып отыр. Жалғас КЛ-3 қайығында 200 метрге ескек есіп, күміс медаль иесі атанды. Еске сала кетсек, параканоэмен Оңтүстікте үш спортшы ғана жаттығып отыр. Олардың арасында Жалғас Тайкенов ғана ресми жарыстарға шығуда.