ОҚО әкімі діни конфессиялардың өкілдерімен кездесті

319
ОҚО әкімі діни конфессиялардың өкілдерімен кездесті

18 қазан — бүкіләлемдік келісім күні. Осыған орай облыс әкімі өңіріміздегі діни конфессияларының басшыларымен кездесті. Басқосу барысында тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер мен дінаралық қарым-қатынас мәселелерін шешу жолдары әңгіме болды. Ынтымағы жарасқан оңтүстікқазақстандықтар бейбіт өмірді қалайтынын іс жүзінде дәлелдеп келеді десті жиналғандар.

ОҚО әкімі діни конфессиялардың өкілдерімен кездесті

Рухани келісім — бұл қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау. Бүкіләдемдік рухани келісім конгресінің 1-сессиясында қабылданған манифест. Осы арада өткен 24 жыл бойы тәуелсіз Қазақстан осы бағыттан таймады, түрлі ұлт өкілдері қоныстанған мекенде бейбітшілікті сақтауда нақты қадамдар жасауда.

Өз кезегінде діни конфессиялардың жетекшілері ынтымағы жарасқан елдің болашағы жарқын екенін атап өтіп, рухани келісім арқылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

ОҚО әкімі діни конфессиялардың өкілдерімен кездесті

Кездесу соңында конфессия басшыларына мерекеге орай алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған және рухани келісім күніне орай облыс әкімінің кубогы үшін діни конфессиялар арасында өткен шағын футбол сайысының жеңімпаздары марапатталды.

Фото — ОҚО әкімінің баспасөз қызметі