Ұшақ ескерткіші жөнделуде

361
Ұшақ ескерткіші жөнделуде

Шымкенттегі 40-тан астам ескерткіш күтіп-ұсталады және ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Бұл үшін қала бюджетінен 25 млн теңге қаралған. Бүгінгі таңда Абай саябағындағы осыдан 6 жыл бұрын орнатылған ұшақ жөнделуде.

Ұшақ ескерткіші жөнделуде

Мамандар мәрмәр тастың сынған-бүлінгендерін жаңалап жатыр. Мердігерлер жалпы көлемі 150 шаршы метр тасты алып, оны қайта өз орнына қондыратын болады. Жұмысқа жұмылдырылған 5 азамат жөндеу жұмысын желтоқсан айының ортасына дейін аяқтауы тиіс.

Ұшақ ескерткіші жөнделуде

Нұрлан Жаңабай