Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады

534
Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік компаниясының басқарма төрағасы Ерболат Досаев облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге холдингтің еншілес компаниялары қаржыландырған бірқатар нысандарда болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады

Жұмысшы топ ең алдымен «Асар» шағынауданына барып, инфрақұрылымдарды дамытуға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Бәйтерек» ұлттық холдингінің қолдауымен бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлердің құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда шағынауданда 1496 пәтерден тұратын 5 қабатты 34 үйді 4 мердігер компания салуда. Басқарма төрағасы таныстырылған жұмыстарды оң бағалап, құрылысты сапалы әрі уақытылы істейтін мердігер мекемелерді қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады

Жұмыс сапары барысында Ерболат Асқарбекұлы «Оңтүстік» индустриалды аймағына барып, мотор майлары мен майлау материалдарын өндіру зауытының құрылысы жобасын көрді. Басқарма төрағасы ондағы «Бәйтерек» АҚ еншілес компаниялары қаржыландыратын жаңа жобалармен танысып, жұмысына қанық болды.

Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Бал Текстиль» кілем фабрикасы да Ерболат Досаевтың назарынан тыс қалған жоқ. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында қолдау тауып, қаржыландырылған жоба 2014 жылы іске қосылып, фабрикада 1722,6 мың шаршы метр кілем өнімдері дайындалған. Бүгінгі таңда мұнда 245 адам жұмыс істеп отыр.

Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады

Делегация бұдан кейін «AzalaTextile» тоқыма-тігін фабрикасының өндірісімен танысты. Аталған фабрика да холдинг тарапынан «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша қолдау алған. «AzalaTextile» ЖШС-нің ерекшелігі сол — мұнда қолданылатын шикізаттардың барлығы отандық. Бүгінгі таңда компанияның өнімдері Литва, Латвия, Италия мен Германия, Чехия, Ресей, Қытай мен Эстония сынды бірқатар мемлекеттерге экспортталады.

Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады

Сапар қорытындысы бойынша басқарма төрағасы аталған өнеркәсіп орындарының өнімдерін шетелдік нарыққа шығару қажеттігіне тоқталып, оны орталықтандыру мақсатында арнайы сайт ашу керегін айтты. Бұл өз кезегінде, шетелдік сатып алушыларға оңтайлы жағдай туғызбақ.

Ерболат Досаев Оңтүстіктегі өнеркәсіп орындарын аралады