ОҚО төтенше жағдайлар департаментіне 7 техника табысталды

587
ОҚО төтенше жағдайлар департаментіне 7 техника табысталды

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі заман талабына сай жаңа техникамен толықты. Сала мамандарына  жаңа техниканың кілтін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы табыстады.

ОҚО төтенше жағдайлар департаментіне 7 техника табысталды

— Төтенше жағдайлардың алдын алып, тер төгіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті базасы жыл санап жақсара түсуде, — деді өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы. — Осы мақсатта жергілікті бюджеттен биыл 269 миллион теңге бөлінді. Бүгін де, міне, жұмыстарыңызға аса қажетті 7 көліктің кілтін тапсырғалы отырмын. Келесі, 2017 жылы осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, бұл мақсатта облыс бюджетінен 427 миллион теңге қарастырылуда.

Іс-шара барысында облыс әкімі екі қызметкерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттаса, екі өрт сөндірушіге грамота табыс етті.

ОҚО төтенше жағдайлар департаментіне 7 техника табысталды

Көп қабатты үйлерде қандай да бір төтенше жағдай орын алған жағдайда жаңа үлгідегі заманауи өрт сөндіру автосатыларымен жоғарыға көтеріліп, тілсіз жауды сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ең басты міндет — халықты және облыс аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау.

Бұл мақсатта өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі мемлекеттік мекемесінде 181 өрт сөндіру техникасы бар. Оның 121-і өрт сөндіру, 22-сі — арнайы, 38 қосалқы автокөлік бар. Осы техникалардың 93-і жиырма жылдан астам уақыт пайдаланылыпты. Жаңа техникаларға қол жеткізген мамандар облыс әкімдігінің қолдауына ризашылық білдірді.