Шымкентте клиникалық хирургияның өзекті мәселелерін талқылауға арналған конференция басталды. Онда аппетдектомиядан бастап трансплантацияға дейінгі ота сатылары жан-жақты талқыланады. Шара аясында алыс-жақын шетелдерден келген мамандар мен отандық дәрігерлер дәріс оқиды.
Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының урология бөлімінің емделушілері бүгін аң-таң. Күн сайынғы тексерулерде небәрі 2-3 ақ халаттыны көретін науқастарды бүгін бір топ дәрігер қарап жүр. Профессорлар науқастарды жіті тексеріп, диагнозын да анықтауда. Өз түйгендерін бір-бірімен де бөлісіп үлгеруде. Сібір медициналық университеті кафедра меңгерушісі тексерістерден кейін өз әсерін айтып берді.
Шеберлік дәрістерін осында өткізу де тегін. Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы Қ.А Яссауи университетінің клиникалық оқу базасы болып табылады. Соңғы үш жыл ішінде мұнда 78 трансплантациялық ота жасалды. Оның сегізінде бүйрекке қалғанында бауыр алмастырылды.
Конференцияның секциялық бөлімінде ертең жұмысын бастайды. Пленарлық қортынды жиын апта соңына жоспарланып отыр. Бұл тәжірибе алмасу шарасы жергілікті дәрігерлердің біліктілігі мен білген-түйгендерін арттырады дейді сарапшылар.
Мақпал Рысбаева