Кеңес Бастықов, аға диспетчер: «Осыған дейін «3-энергорталық» АҚ-ның газ шаруашылығына табиғи газ үшін қарыздары бар болатын. Сондықтан температуралық режимде қиындықтар болғаны рас. Берешекті өтеу бойынша шешім қабылданған соң бүгінде орталықтан шығатын жылудың температурасы 70-80 градусты құрап отыр.»
Мына көп қабатты үйдің тұрғындары алдыңғы жылу маусымында жылуға жарымайтын. Қиын-қыстау кезеңде жөнді алмаған жылуға төлеуден шаршаған тұтынушылар үйдегі тозығы жеткен жылу жүйелерін жаңалады. Нәтижесінде биылғы маусымда жылуды толық алып отыр.
Любовь Пяткова, тұрғын: «Жылу берушілерге үлкен рахмет. Жұмыстары оңай емес. Күн-түн демей, тәулік бойы кезекшілікте. Жаңа жылда жаңа табыстарға кенелсін. Пәтерлеріміз жылы болсын. Күрделіліктер туындамасын. Бір бірімізді құрметтейік.»
Жылу берушілер ескертеді – егер жылуға қатысты қандай да мәселе туындаса, 44-82-37 және 44-81-89 байланыс телеондары арқылы «Қуат жылу орталығы» мекемесінің диспетчерлік қызметіне хабарласуға болады.