Биыл облыс аумағында газдан уланудың 300-ден астам фактісі болған. Осынау келеңсіз жағдайлардың салдарыан 10 адам қаза тапты. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясының облыстық филиалыннда өткен жиында мәлім болды. Сала мамандарының сөзіне сенсек, оқыс оқиға тұрғындардың газ-техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтамауынан болады. Осындай келеңсізідктің алдын алу үшін мекеме енді мердігер компаниялармен бірлесіп жұмыс істейміз деп отыр.
Тараптар тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауда күш біріктіріп отыр. Ынтымақтастық аясында тұтынушылардың мердігер мекемелермен техникалық шарт жасасуы қадағаланады. Бұл ретте арнайы база жасақталып, онда қай абонетке қандай мекеменің қызмет көрсететіні туралы мәліметтер енгізіледі. Бүгінде бұл нарықтағы ретсіздік халықтың сенімсіздігін туғызып, соңы қайғылы жағдайларға ұласуда дейді мамандар.
Осы ретте жауаптылар тұтынушыларды алақтардан сақ болуға шақырады. Бүгінде облыстағы газ-техникалық қауіпсіздікті қамтамассыз етуге жұмылдырылған 14 мердігер компанияның тек тең жартысы ғана жұмыс істеп жатыр. Тұтынушылар осылардың бірімен келісім-шарт жасасып, келеңсіз жағдайлардан сақтануы қажет.
Айта кетейік, былтыр табиғи газдан 500-ден аса улану дерегі тіркелген. Соның салдарынан 13 адам қайтыс болыпты. Тиісті техникалық талаптарға құлақ аспаған тұрғындардың бұл олқылықтарын өзгелерге сабақ еткен мамандар тиісті мердігерлер қызметіне жүгінуге шақырады.
Мақпал Рысбаева