Uber Шымкентке келді. Қала тұрғындары мен қонақтары апта аяғына дейін Uber-мен тегін жол жүре алады.
Uber халықаралық технологиялық компаниясы, көлік шақыртуға арналған ұялы қосымшаның аттас шығарушысы енді Шымкент халқы үшін қызмет көрсететінін қуана хабарлайды. Бүгіннен бастап шымкенттіктер мен қала қонақтары смартфон экранын саусақпен бірнеше рет жүргізу арқылы көлікке тапсырыс бере алады. Бұдан былай Шымкентте жол жүру құны небәрі 350 теңгеден басталатын, ыңғайлы да сапалы uberX қызметі қолжетімді болмақ. Әлемнің 450 қаласының тәжірибесі көрсеткендей, Uber қала тұрғындарының мобильділігін едәуір жылдамдатады. Шымкент Uber-мен бірге жұмыс істеуге және өмір сүруге бұрынғыдан да жайлы бола түспек.
Шымкенттіктер мен қала қонақтары 19 наурыздың күні батқанша ұсынылатын тегін жол жүру мүмкіндігін пайдалана отырып, Uber-дің барлық артықшылығына баға бере алады. Ол үшін смартфонды қолға алып, Uber қосымшасындағы ТӨЛЕМ бөлімінде SHYMKENT промокодын енгізу керек. SHYMKENT промокоды Шымкенттегі кез келген Uber қолданушысына қызметтің жүйеге қосылған сәтінен бастап 19 наурыздың сағат 23:59-на дейін 5 рет тегін жол жүру (әрқайсысы 700 теңгеге дейін болатын) құқығын береді.
“Бүкіл әлемде қалалардың жылдам даму процессін аңғаруға болады, ол өз кезегінде көлік тығындарының өсуіне және қала кеңістігін көлік қоятын орындармен толтыруға әкеліп соқтыруда. Біз осыны өзгерткіміз келеді, қаланы артық автокөлік санынан туындаған проблемадан арылтып, жылдамдық пен қозғалысты ыңғайлы етеміз. Uber-мен жеке көліктің тіпті қажеті болмай қалады: жол жүруге тапсырыс беру санаулы секундтарда жүзеге асады, қаланың кез келген ауданында тәуліктің кез келген уақытында қолжетімді, сондай-ақ автокөлік қоятын орын не көлікті жөндеу сынды мәселелер жойылады, — дейдіUber-дің ТМД-дағы бас менеджері Алексей Стах. – Біз шымкенттіктер мен қала қонақтарының жол жүрудің жаңа мүмкіндіктері мен Uber-дің шаһар тұрғындарына сыйлайтын бостандығына жоғары баға беретініне сенімдіміз”.
Шымкенттегі uberX тарифтері төмендегідей: көлікті шақырту үшін — 100 теңге, әр шақырымға — 50 теңге және жолдағы әр минут үшін — 10 теңге. Жол жүрудің ең төменгі құны — небәрі 350 теңге. Алғашқы күнен бастап Шымкентте Uber-мен жол жүру құнын қолма-қол ақшамен де, қосымшаға тіркелген банктік картамен де төлеуге болады. Карта туралы мағлұмат толық қорғалған. Тұтынушылар жол жүрудің шамаланған бағасын тапсырыс бермей тұрып біле алады. Әр жол жүріп болған соң, қолданушының электрондық поштасына көлік шақыртқан орын, бағдары, жол жүру картасы, көлік жүргізуші туралы мәлімет пен толық жол ақысы көрсетілген түбіртек келеді.
Uber жол жүрудің қауіпсіздігіне жете көңіл бөледі. Uber технологиясы көлік жүргізушілерді мұқият іріктеу (қаланы білетінін анықтайтын тест пен қажетті құжаттарды тексеру), қосымшадағы шынайы уақыт режимінде бағдарды қадағалау, көлік жүргізушілердің рейтінгісін жүргізу (қолданушы оның көмегімен жүргізушіні әр жол жүргеннен кейін, 1 мен 5 балл аралығында бағалайды), кез келген жағдайда клиенттерді қолдау қызметіне хабарлау мүмкіндігінің арқасында жол жүруге дейінгі, жолдағы және одан кейінгі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Клиенттерді қолдау қызметімен байланыс қосымшадағы «Көмек» бөлімінде қолжетімді. или черезhelp.uber.com.
Uber Қазақстанда толықтай жергілікті заңнама талаптарына сай жұмыс істейді. Тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ғана Uber серіктесі бола алады. Uber-дің серіктестермен есеп айырысуы қолма-қолсыз төлем арқылы жүзеге асады, бұл өз кезегінде айқындық пен есеп беру міндеттілігіне кепілдік береді.
Шымкент Алматы мен Астанадан кейін Uber қызметі қосылған Қазақстанның үшінші қаласы.
Uber-ді қолдана бастау үшін, қосымшаны //uber.com/app сілтемесі бойынша, Android үшін Google Play-ден немесе iOS үшін Аpp Store-дан, жүктеу керек.
Uber туралы:
Uber – бұл халықаралық технологиялық компания, жеке жүргізушісі бар көлік шақыртуға арналған аттас ұялы қосымшаның жасаушысы. Қосымша әлемнің 500-ден астам қаласы мен 80 мемлекетінде жұмыс істейді. Қазақстанда Uber қызметі 2016 жылдан бастап қолжетімді және бүгінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қызмет көрсетеді.
Uber миссиясы – жол жүруді су құбыры секілді барлық халыққа жеңіл, сенімді әрі қолжетімді ету. Біз жұмысты 2009 жылы смартфон экранына саусақ тигізу арқылы көлікке тапсырыс беру секілді аса қиын емес мәселені шешуден бастадық. 6 жылдан кейін, екі миллиардтан астам жол жүруді қамтамасыз еткен соң, біз одан үлкен мәселе – көліктерді барынша тиімді қолдану есебінен қалалардағы көлік тығындары мен ластануды азайту жолында жұмыс істеудеміз.
Жарнама құқығы негізінде жарияланды.