Тамырын кеңге жайып, Шымқаладағы металлургтер паркінің көркін келтіріп тұрған биік ағаштар алпыс жыл бұрын отырғызылған. Жарты ғасырдан астам уақыт бұрын оларды өз қолымен еккен азаматтардың өздері қазір асыл қарияларға айналған. Араға алты онжылдық салып олар бүгін қайта бас қосты. Басқосудың мақсаты тағы да сол — саябақты жас шыбықтармен толтыру.
Замандастардың бұл кездесуіне қаладағы ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойы да мұрындық болып отыр. Бүгінгі шарада қарттарға Абай ауданы әкімшілігінің қызметкерлері де қолғабыс болып жүр. Соғыс жылдары Отанын жаудан қорғап, егде тартқанда жас ұрпаққа пана бола білген асыл қазыналар осы жолы да өздері отырғызған ағаштар өскелең ұрпаққа сая болса екен дейді.
Ақсақалдардың бүгінгі мерекесінде ақ жаулықтары желбіреп, қаламыздағы әжелер алқасы да жүр. Қариялар оларды өздерінше еркелетіп, «Қыз-Жібегіміз» дейді.
Ұйымның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл алғашқы шара емес. Ұйым өкілдері алдағы уақытта да жалғасын табатынын алға тартты.