Оңтүстікте басқарма басшылары аналарға ән сыйлады

396
Оңтүстікте басқарма басшылары аналарға ән сыйлады

Оңтүстік Қазақстанда 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Ана-Нұр-Көктем» атты салтанатты жиын өтті. Облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, облыстық ассамблея өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, облыстың аудан, қалаларынан түрлі салада қызмет ететін қыз-келіншектер сынды жалпы саны 200-ге жуық нәзік жандылар қатысқан бейресми отырысты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашып беріп, ару аналарды көктемнің керемет мейрамымен құттықтады.

Оңтүстікте басқарма басшылары аналарға ән сыйлады

— Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол — мемлекеттік және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Ата-бабаларымыз ежелден қыздарын құрметтеген. Келіндері мен жарларын сыйлаған. «Жұмақ ананың табанының астында», «Қыз өссе – елдің көркі» деп жоғары бағалаған. Қымбатты ханымдар! Сіздердің аттарыңызға айтылатын алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің шуақты күндеріндей әрдайым көрікті болып жүре беріңіздер, — деді Ж.Қансейітұлы.

Оңтүстікте басқарма басшылары аналарға ән сыйлады

Мұнан соң аймақ басшысы үйдің де, түздің жұмысын қатар алып, қоғамда айрықша белсенділігімен көзге түсіп жүрген 32 әйел азаматын марапаттап, оның 3-не «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін берсе, 12-не Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің грамотасын, тағы 12-не облыс әкімінің алғыс хатын табыстады. Ал 5 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, бүгінгі шараға келген барлық әйелдерге әкімнің шағын сыйы берілді.

Оңтүстікте басқарма басшылары аналарға ән сыйлады

Мерекелік отырыста облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев пен облыстық жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қ.Қамбаров құттықтау сөз сөйлеп, шара соңы тек нәзік жандыларға арналған өлең, бимен жалғасты.

Мерекелік кездесуде нәзік жандыларға жасалған тосын сыйдың бірі — облыстық басқарма басшыларының сыйы еді. Басқарма жетекшілері жиында, сахнаға шығып, әйелдердің құрметіне хормен ән айтып берді.

Оңтүстікте басқарма басшылары аналарға ән сыйлады

Айта кету керек, бүгінде облысымызда 1 млн 440 мың әйел өмір сүрсе, олардың 267-і ғылым докторы, 1458-і ғылым кандидаты, 214-і профессор, 604-і доцент. Ал 2676 нәзік жанды азаматша мемлекеттік қызметкер болып табылады. Әйел азаматтар облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 30,7 пайызын, білім саласындағы педагогтардың 76,8 пайызын, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің 86 пайызын құрап отыр.

Облысымызда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген «алтын құрсақты» аналар жеткілікті. Республикадағы әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келетіні баршаға мәлім.

Оңтүстікте басқарма басшылары аналарға ән сыйлады

Бүгінде өңірімізде 169 330 көп балалы ана есепте тұрады. Олардың 6157-і — Батыр ана, 25426-ы — алтын алқа, 34 756-ы күміс алқа иегері. Ал 8791 ана І-ші және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі