«Бізбен бірге үміт сыйла». Шымкенттің жастары осындай ұрнамен науқас адамдарға көмек қолын созуға шақыруда. Игі бастама аясында бір топ еріктілер бүгін облыстық қан орталығына барып, қан тапсырды. Қайырымдылық шарасына қатысқан донорлардың саны 200-ге жуық.
Бүгін қан орталығына жиналғандардың саны әдеттегіден екі есе көп. Мұнда тұрақты донормен қатар алғаш рет қан тапсырып отырғандар да бар. Барлығының мақсаты бір — оқыс оқиға кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созу.
Жастар донор ғана болып қоймай, шара кезінде қан тапсырғаны үшін берілген ақшаны барлығы бір кісідей арнайы жәшікке жинады. Бұл қаражатты еріктілер жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек ретінде бермек. Осылайша қайырымдылық жасауды ұйғарған жастар барша Оңтүстік жұртын игі істен қалыс қалмауға шақырады.
Жастар орталығы ұйымдастырған қайырымдылық шарасына 70-ке тарта донор қатысты. Олардан 37 литр қан жиналды. Айта кетейік, қан орталығында барлық топтағы қан жеткілікті. Өйткені жылдан жылға донорлардың саны артып келеді. Әсіресе соның ішінде жастар белсенділік танытуда.
Лаура Мамырова