«Технодом» аналар үйінің тұрғындарын құттықтады

295

Мерекелік сыйлықтар мен құттықтаулардан Шымкенттегі аналар үйінің тұрғындары да сырт қалмады. «Технодом» сауда жүйесінің өкілдері тағдыр тауқыметімен орталықты паналап келген қыз-келіншектердің көңілін аулады. Компания қызметкерлері нәзік жандыларды көктем мерекесімен арнайы құттықтап, тарту-таралғы жасап қайтты.

Бұл күні тағдыр тәлкегіне ұшыраған нәзік жандылардың жүзіндегі мұң бір сәтке болса да сейілгендей. Көктем мерекесінде орталыққа арнайы ат басын бұрған «Технодом» қызметкерлері құралақан келмеді. Жомарт жандар аналарды да, балаларды да сыйлыққа қарқ қылып, қайырымдылық көрсетті. Еліміздегі «Аналар үйі» өкілдерінің ешбірін елеусіз қалдырмаған дүкендердің ұлттық желісінің қызметкерлері Шымкент қаласында 30-дан аса тұрғынға сый-құрмет көрсеткен.

Виталий Громов, «Технодом» дүкенінің менеджері: «Бұл орталықтағы аналар қиын жағдайға тап болғандықтан жүр. Оларға назар аударылмай қалмасын деп, сыйлық жасауды шештік. Жалпы, барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, өмірде әрқашан бақытты болыңыздар дегім келеді.»

Өмірлеріндегі сынақты бастан кешіріп жатқан қыз-келіншектердің көңілін аулап, мерекелік көңіл-күй сыйлаған «Технодом» қызметкерлеріне Аналар үйінің басшылары да алғыстарын жаудырды. Ал жас аналар сұлулар сайысын ұйымдастырып, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл байқауға 30-ға жуық жас келіншек балаларымен бірге қатысты.

Жазира Сыртаева, №2 аналар үйінің үйлестірушісі: «Технодомның» қызметкерлеріне үлкен рахмет. Бізді ұмытпай, келіп тұратынына алғыс айтамыз. Бұл – біз үшін өте маңызды.»

«Технодом» ұлттық сауда жүйесі өкілдерінің аналар үйі тұрғындарына деген қамқорлығы ерекше. Көктем мерекесінде өзге де клиенттерін ұмыт қалдырмаған дүкен қызметкерлері тиімді сауда жасауға шақырады. Сыйлықтардың кең таңдауы сізге сүйіктілеріңізге кереметтей сый жасауға сеп болмақ. «Технодом» дүкені демалыссыз таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мақпал Рысбаева