Мемлекеттік органдардан ноу-хауды сынауға әзірше тек бас прокуратура ғана бел байлады. Бүгіннен бастап электронды үкімет порталынан соттылығы жоқ туралы анықтама алу үшін электронды-цифрлы қолтаңбаның болуы міндетті емес. Қазақстандықтар анықтаманы еgov.kz порталына авторлану кезінде қызметті алушының ұялы телефонына түсетін бір реттік sms-паролінің көмегімен ала алады.
Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған үкіметтік мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы: «Қазақстандықтардың барлығына ЭЦҚ бола бермейді. Ал ЭЦҚ барлары оны әрқашан өзімен бірге алып жүрмейді. Сондай-ақ бір анықтама алу үшін ХҚКО бару барлығына қолайлы емес. Мұндай жағдайда қызметтің бір реттік парольдің көмегімен алу жағдайдан шығудың тамаша бір жолы болып табылады. Бір реттік парольді ЖСН-ді телефон нөміріне байланыстыра отырып ХҚКО-нан да алуға болады.»
Айта кетейік, бір реттік құпия сөзді алу үшін азаматтар электрондық үкімет порталында m-gov телефон нөмірлері базасына тіркеле алады. Осы жоба ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бастамасы бойынша бас прокуратурамен бірлесе отырып пилоттық режимде іске асырылды. Қазіргі кезде басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтерін алу процестерін жеңілдетіліп жатқанын айта кеткен жөн.