Баспана кезегінде тұрған азаматтар назарына! 2017 жылдың 6-7 сәуірі аралығында Қазақстан тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі желісі «Жас отбасыларға арналған үй» бағыты бойынша пәтер тапсырылатынын хабарлайды. 24 пәтер Шымкент қаласы, Нұрсәт шағынауданы, әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан тоғыз қабатты, №19, 20 үйлерде орналасқан.
Өтінімдердің «Е-gov» порталына тіркелуін электронды-санды қолтаңбасы арқылы әр қатысушы өзі қамтамасыз етеді. Құжаттар халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданса, ақыл-кеңес Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі, Рысқұлов көшесі, 8″А» ғимарат, 2-кабинетте беріледі.
Өтінімді мынадай негізгі талаптарға сәйкес келетін тұлғалар тапсыра алады:
- Кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы. Жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде);
- Балаларының (баласының) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;
Тұрғын үй алуға үміттенген азаматтар сол елдімекенде тұрақты тіркеуде болуы тиіс. Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жеке меншік үйі немесе кейіннен сатып алу арқылы жалға алынған тұрғын үйі болмауы тиіс.
Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы тиіс.
Сатылатын 24 пәтердің сипаттамасы: 1-бөлмелі 24 пәтер. Пәтердің жалпы алаңы — 35,8 шаршы метр. 1 шаршы метрдің бағасы — 108564 теңге.