Мемлекеттік пәтерге құжат қабылдау басталады

717
shymkent.gov.kz

2018 жылдың  22 мамыры мен 25 мамыры аралығында «Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша Шымкенттегі Тұран шағынауданы, 192-орам, №979 жер телімінде орналасқан «Адия» тұрғын үй кешенінде тапсырылатын 201 пәтерге қосымша өтінімдер қабылданады.

Өтінімдердің «Е-gov» порталына тіркелуін ЭЦҚ кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді және төлем қабілеттілігіне байланысты пәтердегі бөлме санын өзі таңдайды.

Өтінімдер мен құжаттардың электронды түрде тапсырылуы бойынша кеңес беру халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Е-gov» пунктерінде және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі (Т.Рысқұлов көшесі, 8а, №2 каб.) арқылы жүргізіледі.

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша қатысу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұруы және төмендегі санаттарға жатуы тиіс:
– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар,
– мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар,
– жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер,
– жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
– оралмандар,
– экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар,
– көп балалы отбасылар,
– толық емес отбасылар,
– мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың , бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.