Шымкенттің бюджеті ұлғайды

349
Шымкентте жаңа мектептер салынады

Шымкент қаласы бюджетінің көлемі тағы көбейді. Бұл жаңалық қалалық мәслихаттың кезектен тыс 16-сессиясы қарсаңындағы тұрақты комиссияның отырысында белгілі болды. Қалалық мәслихаттың депутаттары республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қосымша 6 млрд теңгені тиісті салаларға бөліп, жұмсалатын бағыттарын анықтады.

2016 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласының бюджеті 115 млрд теңге болса, енді ол қоржын көлемі 121 млрд теңгеге жетті. Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген 6 млрд тенгенің басым бөлігі қала және аудан аппараттарын ұстауға бағытталды. Сондай-ақ, қала әкімінің өзге де құрылымдық бөлімдерінің сұраныстары қанағаттандырылды. Тек шаһар жолдарын орташа жөндеуден өткізуге қажетті 3 млрд теңгенің орнына 300 млн теңге ғана берілді. Бұл қаражатқа 15 көше жөнделеді. Жолға қатысты депутатардың сұраныстары да қанағаттандырылды.

Бюджет қаражатына өзгерістер мен толықтырулар енгізген депутаттар кәсіпкерлік бөліміне берілген 45 млн мен спорт мектебінің сұраған 219 млн теңгесі қайда жұмсалады деген қызығушылықтарын да жасырмады.

Жалпы қала бюджеті қаншама қомақты болған сайын сұраныстар реті де өскен. Сол себепті жергілікті басшылар қажеттіліктерді бюджет түсіміне қарай шешуге уәделерін берді.

Нұрлан Күдерұлы