Шымкент: «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттары тізімі анықталды

213

Бүгін Шымкент қаласында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Бюросының отырысы өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық етті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық Саяси кеңесі Бюросының 13 қаңтардағы шешімімен 24 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, қалалық мәслихаттың депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев атап өткендей, «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту «Мықты көшбасшылар – Мықты партия» қағидатын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік берді. Енді жаңа Фракция алдында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуын жүйелі түрде бақылау және жаңа реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету міндеттері тұр.

Партия Төрағасының мәслихаттардағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 7-еуі әйелдер ал, 5-еуі 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Ал партиялық резерв жасақтау бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы 18 қаңтарда өтеді

1. Алимбек Аслан
2. Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы
3. Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы
4. Балабиев Нурсултан Кайратулы
5. Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы
6. Бұхарбай Нұрғазы Бақтыбайұлы
7. Джумакулова Айгерим Абдиохаповна
8. Елчиева Альбина Балғабайқызы
9. Жолдыхожаев Мұрат Жаңабайұлы
10. Исабеков Данабек Ержанұлы
11. Керимбаева Наргиза Абайдуллақызы
12. Козбахов Шынгыс Лесбаевич
13. Кыдырбаев Бакыт Съездович
14. Қожамжарова Дария Пернешқызы
15. Қуандық Сұлтанғали Нұрлыбайұлы
16. Қуатбаев Ермагамбет Муханұлы
17. Наимбекова Айжан Исбасхановна
18. Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы
19. Оспаналиева Рашкүл Жалелқызы
20. Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы
21. Сулайманов Лазиз Низамханович
22. Султанова Төреаиым Жолдыбайқызы
23. Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы
24. Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы