«Жүз күйдің тарихы». Күнгейде осындай тақырыпта жаңа жоба қолға алынды. Бастама аясында қазақ күйшілерінің еңбектері етене дәріптеліп, ұмытылар шегіне жеткен шығармалар қайта жаңғырмақ. Ұйымдастырушы тарап — Назарбаев зияткерлік мектептері мамандарының мәліметінше, қазір осы мақсаттағы сабақтарға мектеп оқушылары мен өзге де талапты жастар жұмылдырылған. Кәсіби күйшілердың қатысуымен өрбитін сағаттар әзірге өңіріміздегі әдет-ғұрып және салт -дәстүр орталығында ұйымдастырылады. Айта өтейік, жобаның аты айтып тұрғандай мұнда халқымыздың бір емес, 100 бірдей таңдамалы күйлерін үйрену көзделген.
Палзада Сағымбекова, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі: «Біз сабақта күйді тартуды ғана емес, оның орындалу жолы, жыр-термелердің мақамын да үйретеміз. Төкпе мен шертпе күйлердің ара-жігін ажыратып, тартыстағы шеберлікті оқытамыз. Сүгірдің және өзге де авторлардың еңбектерін дәріптейміз.
Оңғар Дәулет, №80 мектептің 9-сынып оқушысы:»2 жыл бұрын мектептің жанынан ашылған домбыра үйірмесіне қатыстым. Күйді жақсы тарта аламын. Бірақ көбісінің шығу тарихы мен аңыз-әңгімелерді біле бермеймін. Сондықтан осында келіп отырмын. Менің ойымша, күйді тыңдарамнның жүрегіне жеткізе, шынайы орындау үшін алдымен шығарманың шығу шежіресін түсінуіміз керек».