Оңтүстікте кене шаққан адамдар саны күн санып өсіп келеді. Ресми мәлімет бойынша бүгінге дейін 1112 кісіні кене шағыпты. 6981 кенені жинап, тексерген санитар мамандар 18 кенеде қырым қанды қызбасының қоздырғыштары барын анықтапты.
Биыл облыс бойынша 30 млн шаршы метр қора-қопсы мен 10 млн мал иірімі залалсыздандырылуы тиіс. Бұл жұмыстардың 60 пайызы орындалса, ірі қараларды бүрку мен ұсақ малдарды дәрі суға тоқытуға қажетті дәрі-дәрмек пен ауа райына байланысты аздаған проблема бар.
Бүгінгі таңда қой мен ешкіні тоғыту үшін қажетті полисар дәрісін облысымыздың ветеринар бөлімдері малдәрігерлік дәріхана иелерімен қайтарым негізінде келесімге тұрып алуда. Ал дәрі жеткізуге жарияланған мемлекетік сатып алу конкурсының мерзімі енді аяқталған.
Нұрлан Күдерұлы