ҰБТ-2013

ҰбТ тапсыруға байланысты жағдай ушықтырмау, мектеп бітірушілер мен олардынң ата-аналарына барынша жағдай жасау — қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов білім саласына қатысты өткен жиналыста жауапты шенеуніктерге осындай тапсырма берді. Шымкент қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиеваның айтуынша, биыл облыс орталығындағы жалпы орта мектептердегі 11-сыныпты 7431 оқушы бітіреді.

Шымкентте жалпы саны 129 мектеп бар. Солардан 5059 оқушы ҰБТ тапсырып көруге ниет білдіріп отыр. — Бизде 254 оқушы алтын белгіден үміткер, ал 173 түлек ерекше үлгідегі аттестат алуы мүмкін. Айта кетейік, 2017 оқу жылы жаңа форматпен аяқталады. Нақты айтқанда, барлық түлектер алдымен мектепте емтихан тапсырады. Сосын биыл ЖОО-на оқуға түсуге ниетті оқушылар ҰБТ тапсырады.

Шымкенттің бас педагогы ҰБТ тапсырылатын әр орында 13-тен 44-ке дейін аудитория әзірленетінін атап өтті. 80 тестілеу пункті ұялы байланысқа кедергі келтіретін құралдармен жабдықталады. Мұнымен қоса, мемлекет басшысының тапсырмасымен 4G жүйесін бәсеңдететін заманауи 18 кұрал сатып алынды. Тестілеу орындары металл-өткізгіштермен, бейне бақылау жүйесі және желдеткіштермен де жабдықталған. Бұл баяндаманы тыңдап болған Шымкент әкімі ҰБТ айналасындағы жағдайды ушықтырмауды тапсырды.

— Түсініңіздер, олар — біздің перзенттеріміз. Оларды ҰБТ тапсыра алмаса, өмірлері бүлінеді деп қорқытудың қажеті жоқ. Емтиханның өзі олар үшін күйзеліс, ал біз оларды қолдауымыз тиіс, — деп атап өтті Ғ. Әбдірахымов.

Ал сол емтихан алдында бос үрейлер белең алмас үшін әкім мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кеңінен түсіндіруді тапсырды. Бұған қоса перзенттерін қолдауға келген ата-аналар үшін барынша жағдай жасауды тапсырды.

— Қай жерлерге шатыр тігуді ойластыруымыз керек. Ата-аналар мен мектеп бітірушілер аздап тамақтанып алуы керек, — деп қосты Ғабидолла Әбдірахымов.

Айта кетейік, ҰБТ биыл 20 маусымнан 1 шілдеге дейінгі аралықта өтеді.