Шымкентте жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Фольцваген көлігінің жүргізушісі бір адамды қағып, мерт қылды.
Қайғылы жағдай Қайтпас шағын ауданында 4 мамыр түні сағат 11 шамасында болған. Орта жастағы ер кісі жолдан өтпек болған кезінде машина қатты жылдамдықпен келіп соққан. Соның салдарынан ер кісі оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Қазір полицейлер осы істің мән-жайын анқытауда. Адам қағып кеткен көлік жүргізушісін полицейлер бірден бөлімшеге жеткізді.