Қала орталығындағы 10 көшенің қашыртқы арықтарын алмастыру жұмыстары басталды. Сала мамандарының айтуынша, көктем мен күзгі жауында суға толып, көлік пен жаяу жүргіншілердің қатынауын қиындататын — дәл осы көшелер.
Құрылыс жұмыстары үшін қала бюджетінен 180 млн теңге қаражат қаралған. Құрылыс қыркүйек айына дейін толық аяқталады деген жоспар бар. Бүгінгі таңда «ЛТД тұрмыс» мекемесі Ғани Іляев көшесінде құрылыс жүргізіп жатыр.
Нұрлан Күдерұлы