Шымкентте Төреқұлов көшесіндегі көптен күткен қайта құру жұмысы басталды. Бүгін ауыр техникалар жол салынатын жердің беткі қабатын тегістеп жатыр.
Естеріңізге салар болсақ, Төреқұлов көшесінің Қазыбек би көшесі мен Жібек жолы көшесі аралығындағы екі шақырым аумағының ені 15 метрге кеңейтілуі тиіс болатын. Ал мемлекетік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «Шымкент дорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысқа бүгін кірісіпті.
Нұрлан Күдерұлы