Жауаптылар шымкенттіктерді жаңа мал сою орындарына баруды сұрайды

561
Жауаптылар шымкенттіктерді жаңа мал сою орындарына баруды сұрайды

Шымкент қаласының аумағында мал соятын 4 алаң, 7 бекет бар. Алдағы бір айда оның саны өседі дейді мамандар. Осыдан екі жыл бұрын Дулати көшесінің бойындағы мал сою орындарының жабылуына байланысты кәсіпкерлерге Бозарық елдімекенінен қала басшысы 1 гектар жер телімін бөліп, бүгінгі таңда тәулігіне 240 ұсақ мал соятын бекет ашылғалы отыр.

Заман талабына сай арнайы жобамен салынған бұл бекетте тәулігіне 240 қой мен ешкілерді сойып, жіліктеп береді. Ол үшін бекеттерде барлық жағдай қарастырылған. Зертхана, ет сақтайтын тоңазытқыштар және жұмысшыларға арналған орындар. Барлығы қарастырылған.

Қазір Шымкентте мал соятын 4 бекет 7 алаңша бар. Бірақ, әзірге оның екеуі жабық тұр дейді ветеринарлар. Алайда осы орындарға қлалықтар көп бара бермейді. Дулати көшесіндегі мал сою орындарына үйреніп қалған. Осыдан екі жыл бұрын ол орындарды жабу туралы сот шешімі де шыққан болатын. Сондықтан, тұрғындардың жаңа орындарға барғаны дұрыс деп санайды. Бозарықтағы жаңа бекет көпшілікке ыңғайлы болады деген сенімде.

Шымкент қаласының ветеринария бөлімінің мамандары қала тұрғындарын алдағы Ораза және Құрбан айты мерекелерінде малдарын арнайы орындарда союға шақырады. Ол үшін барлық бектетердің мекенжайларын жариялап, алдын ала көпшілікті құлақтандыруға уәде беріп отыр.

Нұрлан Күдерұлы