Құм-тасты заңсыз сататын 6 орын жабылды

433
Құм-тасты заңсыз сататын 6 орын жабылды

Абай ауданы әкімдігінің қызметкерлері Көмешбұлақ базарындағы ретсіз сауданы жоюға кезекті рет әрекет жасады. Сала мамандарының айтуынша, жыл басынан бері тап осындай 37 рейд ұйымдастырылған.

Нәтижесінде 600-ден астам хаттама түзіліпті. Бүгін де учаскелік полицейлер көше бойын сауда орнына айналдырғандарға әкімшілік айыппұл салды. Көмешбұлақ базарындағы саудагерлерге біршама түсіндіру жұмыстарын жүргізген шенеуніктер заңсыз құрылыс материалдарын саудалайтындарды да естен шығармады.

Құм-тасты заңсыз сататын 6 орын жабылды

Абай ауданы бойынша ретсіз сауданаң ошағы осы Көмешбұлақ сауда орындарынан бөлек Алаш және Автонұр базарларының маңы. Бір ғана Көмешбұлақ базарына бірнеше дүркін рейдке шықан жұмысшы тобы мұнда біршама тәртіп орнағанына қуанып тұр. Десе де әлі айтқанға құлақ аспайтындар да баршылық. Бүгін сол азаматарға әкімшілік айып салынды.

Мамандардың бір емес, бірнеше рет келіп, тәртіп орната алмаған жері – ол құм мен тас саудалайтын орындар. Жауаптылардың айтуларынша, Алматы айналма жолындағы бұл жер телімі жеке үй салу үшін берілген. Алайда жердің иесі оны мақсатсыз пайдаланып, жалға бергенге ұқсайды. Полицейлер кәсіпкерге бұған дейін екі рет айыппұл салыпты. Енді құжатар жер инспекциясына жөнелтілді, заң бойынша жерді мақсатсыз пайдаланған азаматтың жер телімі мемлекетке қайтарылатын болады.

Құм-тасты заңсыз сататын 6 орын жабылды

Жалпы Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда құрылыс материалдарын сататын 6 орын жабылған. Қала әкімінің тапсырмасына сай құм мен шағал арнайы орындарда саудалануы тиіс. Бүгінде төрт аудан бойынша осындай жерлер белгіленіп жатыр.

Нұрлан Күдерұлы