Шымкентте қарақұрт бас көтерді. Улы жәндік шаққан 10 адам ауруханада емделіп жатыр. Арасында 6 жасар бала да бар. Балғын қазір жансақтау бөлімінде ем алуда.
Айта кетейік, көзге оңайлықпен көріне бермейтін шағын ғана қара өрмекшілер адамды бірден шағады. Уы денеге арада бірер минут өткен соң таралып, адам қатты ауырсына бастайды. Бұдан кейін денесі тырысып, аяқ-қолдары істемей қалуы мүмкін. Тыныс алуы қиындайды.
Дәрігерлер жыл басынан бері осындай диагнозбен 33 адам көмекке жүгінген дейді. Бұл — былтырғы көрсеткіштен көп. Ал ыстық ауа райы енді басталып отырғанын ескерсек, әсіресе ашық далада абай болған жөн.