Қазақстанда тағы екі ХҚКО тәулік бойы жұмыс істейді

437
Баспанаға құжат өткізуде кезек көп

Енді мемлекеттік қызметті алуға өтініш беру немесе дайын анықтаманы алу мүмкіндігін тек астаналықтар ғана емес, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары да ала алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, түн ортасына дейінгі жұмыс кестесін Шымкент және Алматы қалаларындағы бөлімдерде де енгізу шешілген, себебі бұл екі қала халық саны бойынша ең үлкен қалалар деді Оспанов.

Жұмыс кестесі дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 08:00-ден 24:00-ге дейінгі фронт-офис Шымкент қаласы, Нұрсәт шағынауданы, №24 ғимаратта орналасқан. Қызметті алушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік баж салығын осы бөлімдерде сағат 24:00-ге дейін төлеуге болады, себебі кассалар да «тәулік бойы» жұмыс режиміне ауыстырылған. Сенбі күні бұл бөлімдер сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.