Қайта жаңарған «Отбасы аллеясы»

1032
Қайта жаңарған

Халық арасында Қарасу деп аталып кеткен гүлзар 2016 жылы жөнделді. Сол кезде мұнда ескі орындықтар, арықтар жаңасына ауыстырылып, 50-ден астам шам мен қоқыс жәшіктері орнатылып қана қоймай, көгал да егілген. Балғындар үшін балалар алаңшасы да орнатылған-ды.

Қайта жаңарған "Отбасы аллеясы"

Ең бастысы – жаңарған гүлзар «Отбасы аллеясы» деп аталды. Бұған қоса гүлзарды жаңарту кезінде мұнда өсіп тұрған ағаштар да зардап шеккен жоқ, жоба жасаушылар мен құрылысшылар оларды сақтап қалуға тырысты.

Қайта жаңарған "Отбасы аллеясы"

Енді аллеяның кіреберісінде қалалықтарды бір топ қарағаш қарсы алады. Айта кету керек, гүлзарды жаңарту жұмыстары қазан айының ортасынан желтоқсан айының соңына дейін, 2,5 айға созылды. Бұл мақсатта қала бюджетінен 51 млн теңге жұмсалды.

Қайта жаңарған "Отбасы аллеясы"