Қатты желден темір аялдама құлады

346

Шымкентте 14 маусым күні соққан желдің екпіні секундына 18 метрге жетті. Синоптиктер осылай деп хабарлайды. Ал қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары желдің салдарынан қала тұрғындарына шығын келген-келмегенін анықтауда.

Алдын ала ақпарат бойынша, жел Ғани Іляев көшесінің бойындағы бір ағашты құлатқан. Абырой болғанда құлаған тал ешкімге залал келтірмеген.

Ал қалалық балалар ауруханасы маңындағы темір аялдама желден ұшып кеткен. Темір құрылым жерге мықтап орнатылмаған болуы да мүмкін.

Ал тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары тұрғындардан қоңырау қабылдауда. Халық негізінен жел құлатқан бұталарды тазартуды сұрауда.